Әскери қызметкер әйеліне жасаған опасыздығынан кейін отставкаға кетті
Фото: PA
Ұлыбритания Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Бен Ки өзінің бағыныштыларымен болған қарым-қатынасы тексеріле бастаған соң мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
59 жастағы адмирал бастапқыда қызметінен маусым айында кетуді жоспарлаған. Алайда әйеліне жасаған опасыздығы анықталып, тексеріс басталған соң ол қызметін ертерек аяқтау жөнінде шешім қабылдады.
Оның міндетін енді уақытша вице-адмирал сэр Мартин Коннелл атқарады.
Басылымның мәліметінше, Ки флоттағы жағдайға көңілі толмай, отбасымен бірге тынығуды ойлаған. Сонымен қатар адмиралдың үш баласы бар екені атап өтілген.
АҚШ-та жұптарға арналған "адалдық сақиналары" шығарылмақ
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында бір уақытта үш әйелге үйленген ер адам қамауға алынғанын жаздық. Кіші Генри Бетсидің бірінші әйелі Тоня болды. Ол Tinder қосымшасы арқылы ер адаммен танысқан. Тонидің айтуынша, Генри оған мінсіз ер адам болып көрінді. Олар 2020 жылдың қарашасында Дувал округінде үйленді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
