Әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті: Досы жауапқа тартылды
Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған
Түркістан облысында әскерге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті. Ол мұны досының көмегімен жүзеге асырған. Ақыры досы жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
9 шілдеде Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 25 мамыр күні түнгі сағат 00:30 шамасында Түлкібас теміржол стансасының перронында болған.
Жігіт әскерге кетіп бара жатқан досымен қоштасып тұрып, полиция қызметкерінің әрекетіне кедергі келтіріп, қарсылық көрсеткен. Сөйтіп әскерге шақырылған азамат қашып кеткен.
Сот барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Назарбаев университетіне қабылданған студентті әскерге күштеп әкетуге қатысты тергеу басталды
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген үшін жауапқа тартылды. Оған 70 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Кейін ол ұсталып, облыстық жинақтау пунктіне жеткізілген. Келесі күні медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Алайда Лисаков қаласы деңгейінде міндетті медициналық комиссия мүлде өткізілмеген.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
