"Әскерден босату туралы анықтама алып беремін": Ақмола облысында медицина қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында мерзімді әскери қызметтен жалтаруға көмектесуді уәде еткен медицина қызметкеріне қатысты үш бірдей қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 17 наурыз күні Астана маңындағы аудандарының бірінің полиция бөліміне азаматтардан үш бірдей арыз түскен.
Арызданушылардың айтуынша, өткен жылдың соңында өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлға әскерге шақырудан босату үшін “қажетті” диагноз қойып беруге уәде еткен. Күдікті өз “қызметі” үшін жәбірленушілерден жалпы сомасы 1 миллион 200 мың теңгеден астам қаражат алған. Алайда ақша берген кейін азаматтар уәде етілген медициналық құжаттарды да, қаражатты да ала алмаған. Осыдан кейін олар құқық қорғау органдарына жүгінген.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті медициналық пункттердің бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде”, – делінген полиция хабарламасында.
Сонымен қатар полиция тергеу барысында арызданушылардың әрекеттеріне де құқықтық баға берілетін атап өтті. Себебі әскери қызметтен заңсыз жалтару әрекеті де заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Құқық қорғау органдары азаматтарға ақшалай сыйақы үшін әскери қызметке жалтаруға қатысты кез келген ұсыныстың заңсыз екенін ескеріп, қырағы болуға және осындай деректер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді