Әскердегі тағы бір өлім: Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген.
Сарбаздың қаза тапқанын бас прокуратура растады.
“27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында”, – делінген хабарламада.
- "Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды
- Сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуы өркениетті елге жат, теріс үрдіс – Тоқаев
Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.
Еске салсақ, бұдан бірнеше күн Өскеменде сарбаз қарауыл кезінде өзін атып өлтіргені туралы жазған едік. Қаза тапқан сарбаздың туыстары ұлдарының өзіне қол салғанына сенбейді.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”