Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісінде әлі күдіктілер жоқ

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев борышын өтеу кезінде басынан ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша күдіктілерді әлі де жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видео кадрларынан 

Мақсат Қазиев іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

"Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Бүгінде қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне түсініктеме бере алмаймыз. Өйткені ол көптеген адамдардың мүдделерін қозғайды. Тергеу Бас прокуратураның, Бас әскери прокурордың ерекше бақылауымен жүзеге асырылады. Ал Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен байланыста", – деді ол.

Қазиев сондай-ақ қазір іс бойынша нақты күдіктілер жоқ екенін алға тартты. Айтуынша, жағдайда тек бірнеше адамдар тобы бар және олар туралы ақпарат әлі де пысықталып жатыр.



Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Анасының айтуынша, сарбазға әскери бөлімде қысым көрсетілген. Кейін тіпті ата-анасының рұқсатынсыз дәрігерлер оған ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған. Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. Қазір Ербаян Түркиядан ем алып келді. 

Талқылау