Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нидерландтағы Қазақстан елшісінің қызметінен босатылмастан қоштасу кешін ұйымдастырғаны туралы ақпарат тарады (видео)

Әлеуметтік желіде Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиевтің елшілік қызметтен кетуіне байланысты сауық кештен үзінді тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚР Нидерланд Корольдігіндегі елшілігі/Видеодан скрин

Қоштасу кешінен видеоны Нидерландтағы Bondi электр транспортнының 27 жастағы шеринг стартапері chingiskhan.kazakhstan өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

“Bondi-дің негізін қалаушылар Қазақстан Республикасы Елшісінің кетуіне байланысты кеште қонақ болды”, – делінген жазбада.

Алайда Асқар Жұмағалиевтің елшілік қызметтен кеткені туралы ресми ақпарат шыққан жоқ. Сыртқы істер министрілігі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Елшілер президенттің жарлығымен тағайындалып, босатылады. Ондай жарлық әлі шыққан жоқ. Сондықтан бұл кісі Нидерланд Корольдігінде әлі елші қызметінде. Ақордада жарлық жарияланса ғана ресми ақпарат болады. Ондай жарлық жоқ, сондықтан бұл кісі сол елде елшілік қызметін ресми түрде атқарып жатыр”, – деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Асқар Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Орынбор облысында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын (1996), Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін (2002) бітірген. Лозанна федеральдық политехникалық мектебінен  электронды басқару саласындағы ғылыми магистр атағын алған. 

Асқар Жұмағалиев 2018 жылдың 26 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі;

2019 жылдың 25 ақпанынан – 2019 жылдың 18 маусымына дейін  – Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі;

2019 жылдың 18 маусымынан – Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі;

2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап – Қазақстаның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Сондай-ақ "Құрмет" ордені, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық меделі, Ю. А. Гагариннің медалі, "Құрметті байланысшы" ("Почетный связист") наградаларымен марапатталған.

Талқылау