Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім минстрі биыл қанша адам ҰБТ тапсыратынын мәлімдеді

Елімізде 132 мыңға жуық түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұбт

"ҰБТ биыл 17-рет өткізілетін болады. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысып шықты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді", - деді министр.

Министрдің айтуынша, карантинге байланысты өтініштерді қабылдау онлайн режимде жүргізілді. Алайда Интернет жоқ аймақтардың түлектері үшін адеттегідей форматта құжаттар тапсыруға рұқсат етілді.

"Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық адамға көп. Сондай-ақ, алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131755 адам тест тапсыратын болады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Талқылау