Аша Матай босануға қалай дайындалып жүргенін айтып берді
Тележүргізуші әрі актриса Аша Матайдың босанатын ай-күні жақындап келеді. Жұлдызды жұп Арман мен Аша алғашқы сәбилерінің дүние есігін ашар күнін тағатсыздана күтуде, деп хабарлайды Stan.kz.
Аша Матай босануға қалай дайындалып жатқанын айтып берді. Сырт келбетіне баса мән беретін ол бұл жолы да қалыптасқан әдеттерін бұзбады. Тырнағына маникюр жасатып, жасанды кірпік жабыстырып алған актриса осылайша өміріндегі ең маңызды күндердің бірінде әдемі болуды көздейді.
«Күйеуім Арман: Маған сенсең, біздің балапанымыз сенің кірпіктерің мен тырнақтарыңды бағаламайды. Істетпей-ақ қойсаң қайтеді?» – деді. Мен болсам: «Кейін балама анаң мерекелік күнге ерекше дайындалып, әдемі болған деп айтып отырамын», – дедім. Солай. Әркез әдемі болу маңызды», – деп жазды Аша желідегі парақшасында.
Одан кейін Аша мен Арман болашақ сәбилеріне бесік арба таңдады. Ашаның желідегі оқырмандары оның жеңіл босануын, аман-есен сәбиін бауырына басуды тіледі. Кейбіреулер дүниеге келмеген сәбиге неше түрлі есімдер ұсынған.
Жіберіп алмаңыз:
Майғазиев тағы да балалы болуды армандап жүр (фото)
Жұбайынан айырылған Абай Бегей жан-жарасы туралы айтып берді
Брэд Питт соққыға жығылған ұлымен кездесті
Қырықбаеваның қызымен түскен фотосессиясы тыңдармандарын сүйсінтті (фото, видео)