Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Арманды өзімшіл деп ойлайтынмын

Шоу-бизнес әлеміндегі ең әдемі жұп аталған Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қалай танысқандарын айтып берді. Қос әнші де алғашқы кезде бір-бірлеріне тек әріптес ретінде қарағандарын айтты. Аша тіптен Арманды өзімшіл жігіт деп ойлапты. Әншімен көңіл жарастыру Арманның ойына да кірмеген.

14334521_1801074306814951_1908486320_n

“Mysterions” тобы Аша жұмыс істеп жүрген музыкалық телеарналардың біріне сұхбат беруге келеді. Болашақ ғашықтар түсірілім барысында танысады.

“Арман екеуміз ортақ жобаларды ақылдасатын болып, содан бастап дос ретінде араласып жүрдік. Ол кезде осы жігіке тұрмысқа шығамын деп ойламаған едім. Қыздардың бәрі “Mysterions” тобының жігіттеріне ғашық болатын. Ал өз басым шоу-бизнестегі жігіттерге ешқашан жігіт ретінде қараған емеспін. Өйткені бірін аға, бірін іні, ал қатарластарымды тек әріптес ретінде көрдім”, – деді Аша Матай Гәкку арнасына берген сұхбатында.

Ал Арман: “Аша менің әйелім тұрмақ, сүйікті қызым болады дегенді ойға алмаппын. Бірақ адам ретінде ол маған әрқашан ұнайтын. Ашық, көңілді, айналасын нұрландырып жүретін сүйкімді қыз. Адамдарды жақсы тани білемін дей алмаймын. Бірақ Ашаны таңдағанда қателеспегеніме сенімдімін”, – деп атап өтті.

Әріптес, дос ретінде араласып жүрген қос әнші күндердің күнінде достарымен бас қосады. Сол кезде Аша Арманның өзіне өзгеше көзқараспен қарап отырғанын сезеді. Тек сыр білдірмеуге тырысады. Десе де, әнші жігіттерге қарамаймын дейтін бойжеткеннің жүрегі сол сәтте белгі береді.

“Бір күні достарымызбен бас қосқан кезде Арманның маған қарап отырғанын сездім. Өзімді ыңғайсыз сезініп кеттім. Өйткені оған дейін ол туралы ойыма келмепті. Оның жүзіне тіке қарамайтын болдым. Алайда ішім бірдеңені сол кезде сезді. Содан бастап қобалжулар басталды. Одан кейінгі әңгімеміз әріптес ретінде өрбіген жоқ”, – дейді Аша.

Жіберіп алмаңыз:

Голливудтық жұлдыздардан асып түсетін қазақстандық 7 сұлу

Ибрагимовтің тойына бара алмаған «МұзАрт» тобы жастарға ерекше құттықтау жолдады (видео)

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

 

 

 

 

Талқылау