AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін

Грузияда ажал құшқан қазақстандық Әсел Айтбаева туралы қылмыстық іс жабылуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның анасы Айсұлу Айтбаева Аibat News-те мәлімеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анасы Грузия прокуратурасының деректеріне сілтеме жасап, олардың шешімін айыпталушының өлімімен түсіндірді.

"Айыпталушы болмағандықтан, процесті тоқтататын шығар. Ештеңе түсіндірілмейді. Бұл мені қанағаттандырмады, бірақ мен не істей аламын. Неліктен бұлай жасағандарын білмеймін. Ертең-келесі күні нақты шешім қабылдайды", – деді Айсұлу Айтбаева.

Еске салсақ, бүгін Әселдің өліміне кінәлі күдікті түрмеде өлі күйінде табылды.

Бұған дейін, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр