Әсел Асқар баласының ауыр дертке шалдыққанын кеш білген
Актриса Әсел Асқар Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында марқұм ұлының сырқаты туралы бірнеше тексерістен кейін білгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
©instagram.com/assel.askar
“Жүктілігім жақсы өтті. Мен бұл баланы жоспарладым, уақытылы дәрігерлерге қаралдым, тексерілдім. Мені ең мықты деген дәрігер босандырды. Жүктілік кезінде баладан ешқандай сырқат анықталмады. Бұл дерт іште жатқан баланың 18 апталығында белгілі болады екен. Мен мұны кейін білдім. Босанғаннан кейін де дәрігерлер баланың денсаулығынан ешқандай кінәрат таппады. “Жүрегінде шу бар, бірақ мұндай балалардың көбінде кездеседі” деді педиатр. Оның көмейі қырылдап қоймаған соң тағы дәрігерге көріндік. Айбарыс өсе келе мазасыз бола бастады. Қызуы көтерілді, мұрнынан су ақты, тамағы ауырды. “Тісі шығып, мазасызданған болар” деп ойладым. Сөйтіп, кезекті тексеріске апарып, узиге түсіргенде бір-ақ білдім. Менде дәрігердің “Баланың жағдайы қалыпты” деп өз аузымен айтқан видеосы бар. Мен оны дәлелдей аламын. Бірақ мен оны дәлелдегенмен, балам маған қайтып оралмайды ғой”, – дейді Әсел.
Актриса болып жатқан жағдайдың тағдыр екенін айтып және оған көндіккенін мойындады.
“Ол дәрігерді айыптап, істі соңына дейін жеткізуіме болатын еді. Бірақ балам жүйкемнің тозып жүргенін қаламас еді. Менімен берге әнші Салтанат Бақаева да босанды. Екеуіміз бір дәрігердің бақылауында болдық. Бірақ оның да, баласының да жағдайы жақсы. Сол себепті, маңдайға не жазылды, соны көресің. Айбарыстың өмірі қысқа болды, бірақ ол артынан өшпес із қалдырып, көп дүние жасап кетті. Мен баламды Олимпиада чемпионын шығарып салғандай ақтық сапарға жібердім ”, – деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ Әсел қиын жағдайдан қалай шыққаны туралы баяндады.
“Алғашқы уақытта ештеңеге зауқың болмайды. Саған тек қайсар мінезің ғана көмектесе алады. Өзің-өзің қолға алып, алға ұмтыласың. Қайырымдылық жасап, қайғыңды жеңілдете аласың. Балалар үйіне бардым. Ондағы балалардың ата-анасы, ал менің балам жоқ”, – дейді актриса,