Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай екінші жекпе-жегін де уақытынан бұрын ұтты

Айбек Оралбай Шымкенттегі Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирінде екінші жекпе-жек қатарынан уақытынан бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aytac Unal/Getty Images

Жақында ғана бокстан Ұлттық құраманың капитаны атанып, аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде тағы да қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Алғашқы айналымында украиналық Кирилл Стоянцевке қарсы жұдырықтасып, нокаутпен ұтқан Айбек екінші кезеңде түркиялық Угур Айдемирді де уақытынан бұрын жеңді. Айбек енді жартылай финалда Даниял Сапарбайға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады. 

Талқылау