Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асүйде әйелім өртеніп жатты: өрттен зардап шеккен Орал тұрғынының күйеуі оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

18 қараша күні Зачаганск ауылында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, 37 жастағы жүкті әйел зардап шеккен, – деп хабарлайды «Уральская неделя» газеті.

«18 қарашада таңертең Зачаганск ауылында Бөкенбай көшесіндегі жер үйлерің бірінде газ жарылып, салдарынан үйдің төбесі құлайды. Өрт орнынан облыстық ауруханаға 37 жастағы жүкті әйел жеткізілді», — деп хабарлады департамент өкілдері.

Әйел денесінің 85 пайызы күйіп қалған. Жүктілік мерзімі — 31 апта. Зардап шеккен келіншек ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр

Зардап шеккен әйелдің күйеуі Руслан Нығметов орын алған оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, – деп хабарлайды «Мой город».

«Қатты жарылыстан оянып кеттім. Асүйге жүгіріп кірсем, әйелім жанып жатыр. Отты қолыммен сөндіре бастадым. Оның бүкіл денесін күйік шалған. Үстіндегі киім бірден жанып кеткен. Сол сәтте жедел жәрдем шақырдым. Оны ауруханаға жеткізді. Сонымен қатар мені, әжеміз бен үш баламызды табиғи газдан уланды деген күдікпен ауруханаға алып кетті. Менің білегім ғана күйіп қалды», – дейді Руслан Нығметов.

Қазіргі уақытта жүкті әйелді Астана санавиация көмегімен Астанаға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, құрсақтағы бала дін аман.

Оқи отырыңыз:

Астаналықтарды күл-талқаны шыққан көліктер легі шошытты (видео)

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Қазақстандық ата-әженің не себепті үйлену тойын жасағаны белгілі болды (фото, видео)

Павлодарда басқарма басшысы пара алғаны үшін тұтқындалды

Талқылау