Видеоны Татьяна есімді қолданушы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Орск пен Ақтөбе арасы шамамен 150 шақырым, ал бұл облыс орталығы Орынборға барғаннан да жақын көрінеді.
“Бұл – 150 шақырым. Орск қаласын айтпай-ақ қояйын. Мұнда құрылысқа қатысты екі дүкен мен маркетплейс қана бар. Ал, әрине, бәрін қолмен ұстап, көріп, тексергің келеді. Сондықтан, әрине, Қазақстанға. Айтпақшы, ол облыс қаласы Орынбордан да әлдеқайда жақын”, – дейді ол.
Татьяна оқырмандары үшін ең басты сұрақ – тауарды шекарадан қалай өткізетіні жайлы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, көбіне өз қаласынан көлік жалдап, жеткізу ақысын төлейді. Тасымал құны 8 мыңнан 13 мың рубльге дейін өзгеріп тұрады.
“Неге дәл сол жаққа? Бағасы төмен, таңдау көп. Люстралар туралы сториден кейін маған қырық шақты адам жазды: “Қандай мекенжай?” Сонда бұл көп адам үшін өзекті мәселе екенін түсіндім”, – деп атап өтті блогер.
Ол бұл жолы Ақтөбеден үйге арналған жарықтандыру құралдарын, карниз, тропикалық душ, теледидарлар және микроплинтус сатып алған.
“Ой, осылайша қаржыны үнемдедік”, – деп қосты ол.
Татьяна мұндай сапарларда ешқандай қауіп көрмейтінін айтып, сатып алынған тауарлардың барлық чегін сақтап жүруге кеңес берді.
