Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Қанат Исламға шапан жапты (фото)
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында ғана жеткен керемет жеңісі үшін Қанат Исламды құттықтап, оған шапан жауып, басына ұлттық бөрік кигізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Мәдениет министрілігінде өткен кездесу Қанаттың жарқын жеңісіне орайластырылған.
“Сондай тәжірибелі Патрик Аллотей секілді боксшыны жеңгені үшін Қанат Исламға ерекше ризашылық білдіргім келеді. Бұл жекпе-жекті 10-нан астам халықаралық телевизиялық компаниялар таратты. Бұл Қазақстанның әлемдік аренада спорт державасына айналып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді”, – деді министр.
“Мен сізге қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын, алда әлі көп жеңістер болады. Өзімді көрсетемін деп ойлаймын әлі де. Сондай-ақ, өзімнің жанкүйерлеріме де көп рахмет айтамын”, – деді өз кезегінде Қанат Ислам.
Министрдің мәлімдеуінше, келер жылғы ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада Қанат Исламның кезекті жекпе-жегі өткізілуі мүмкін екен.
Еске сала кетсек, 29 қазан күні Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотейге қарсы шығып, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен еді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBA Fedelatin және WBO Intercontinental титулдарын иеленді. Осылайша өзінің 22-ші жекпе-жегінің барлығында жеңіске жете алды. Ал оның 18-ін Қанат нокаутпен аяқтаған.
Оқи отырыңыз:
Спорттан шеттетілген ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев лауазымды қызметке тағайындалды
Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?