Мемлекет басшысы Сәуле Айтпаеваны қызметінен босатып, орнына Аружан Саинды тағайындады
Аружан Саин Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының бұйрығымен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Тоқаев Сәуле Айтпаеваны қызметінен босатты.
«Сәуле Айтпаева Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды», - делінген хабарламада.
Аружан Саин - танымал қазақстандық қоғам қайраткері және «Милосердие» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
Айта кетейік, сәуірдің 25-і күні Аружан Саин Ақордада мемлекет басшысымен кездесті. Бұл жайлы Facebook-тегі парақшасында өзі мәлімдеді. Кездесу кезінде бүгінгі жүйелік проблемалар туралы өз болғанын айтты.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді