Аружан Саин мен Арман Шораев Ұлттық сенім кеңесі құрамынан шықты
Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің құрамы ротацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ротация аясында Эльвира Азимова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Амиртаев Ұлттық кеңестен шығарылды.
Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі қоғам мен сарапшылар қауымдастығының жаңа мүшелерін қамтиды.
Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі 2019 жылдың 12 маусымында құрылды. Бірінші отырыс 2019 жылдың 6 қыркүйегінде өтті. Ұлттық кеңестің құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар және жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді.
Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің үшінші отырысы 2020 жылдың сәуір айында өтеді.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды