Артұр Төлепов Америкада түсірген бейнебаянын сүйіктісіне арнады (видео)
Әнші әрі актер Артұр Төлепов сүйіктісіне арналған “Бір өзіңсіз” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Аталған туындыны әнші достарымен бірге шетелде түсіріп келген болатын.
Фото: instagram.com/arturtolepov/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Танымал актер, жүргізуші әрі әнші Артұр Төлепов кезекті бейнебаянын Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласында түсіріп қайтқан болатын. Енді міне аталған бейнебаянының тұсауын кесті. “Бір өзіңсіз” деп аталатын туынды өзінің сүйіктісіне арналған екен.
Бейнебаянның режиссері – Алексей Воробьев. Ал, басты рөлдер әншінің өнер мен өнердегі достарына бұйырған.
“Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Түсірілім жұмыстарына қатысқан барша ұжымға кәсібиліктері үшін алғысым шексіз. Менің оқиғамның басты кейіпкері – Дина Тасбұлатова. Ал жұмысымыздың жемісін жақын күндердің бірінде көретін боласыздар”, – дейді Артұр Төлепов.
Мұнымен қатар, бұл туындысының сүйіктісіне арналатындығын, әлі де кіршіксіз таза махаббатқа сенетіндігін жеткізді.
“Алматының ауа райы біртүрлі. Бірде толассыз жаңбыр жауса, енді бірде күн қатты ысып кетеді. Мойындаңыздаршы, жаңбырлы күндерді кім аңсап жүр? Олай болғанда ше… Шуақты күнді аңсайтының анық. Қарым-қатынас та осы секілді. Кейде қолда бардың қадірін білмей, қанағатсызданып өзге бірнәрсені аңсаймыз. Неге барымызды жоғалтқан кезде ғана бағалаймыз?
“Мен сені сүйемін” деген сөздерді сан рет айтамыз, ал оның мағынасына үңіліп көрдік пе? Бала күнімізде “Махаббат” құдды бір сиқырлы ертегідей көрінуші еді. Есейе келе бұл сезім туралы шындықтың көзге шұқитыны өкінішті. Кей қыздың ойға сыймайтын жеңілтек әрекеттері… Кей жігіттің ақымақ, шектен шыққан әрекеттері.
Көп адам махаббат деген бетке тонна косметика жағып, өзіңді бай етіп көрсету деп ойлайды. Мұның барлығы қоршаған ортаға жағымпаздану ғана. Десе де, мен сол бала күнімдегі сиқырлы “Махаббаттың” барына сенемін. Бұл сөздерім біртүрлі естіліп жатқан шығар, алайда шынайы махаббат дәл осындай болмақ. Өмір атты ұзақ жолда мәңгілік серіктеріңізді жолықтырып, осы сезімнің құдіретін сезінесіздер деген үміттемін. Махаббат қос ғашықты әлемде тек өздері ғана жүргендей сезімге бөлейді. Жан, сен осы жазбаны оқып отырсың деп үміттенемін”, – дейді Артұр Төлепов.
Бұл жазбаны оқыған тыңдармандарының көңіл-күйлері түсіп кетті. Себебі олар әншінің басы бос екен деп ойлап жүр екен. Бірі қызғанып жатқанын жеткізсе, енді бірі сүйіктісінің кім екеніне қызығушылық танытты.
Жіберіп алмаңыздар:
Артур Төлепов кезекті бейнебаянын Америкада түсірді (фото)
Тыңдармандары Артур Төлеповты сүйіктісінен қызғанып жатыр (видео)
Артур Төлепов: Интернетте бір-бірімізді жерден алып, жерге салуды қашан қоямыз?
Жұрт Төлеповке қосқан ару Тәуекел Мүсліммен қол ұстасып жүр (фото)