"Артынан жүгірмеймін". Ерке Есмахан "Райыммен айырылысты" дегендерге жауап берді
Танымал әнші Ерке Есмахан ел арасында тараған “Райыммен айырылысып кетті” деген әңгіменің неден шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Бес-ақ күн Instagram-да болмап едім, неге жоқ жерден у-шу, өсек айтып, күйеуіміз екеуімізді ажырастырып тастағансыздар? Құдай сақтасын! Туысқандар, достар жайлап хабарласып, “бәрі жақсы ма?” деп сұрап жатыр. Негізі сондай жаңалықтармен өміріміз қызық. Жігіт пен қыз кезде ұрысу дегеннен бас тартпай, әкететін едім тоқтай алмай. Неке қиып, отбасы болғалы ұрысу дегенді ұмыттық. Қазір құндылық басқа. Алла тіл көзден сақтасын. Райым бұрыннан Instagram-да ешкімді оқымайды, 0 боп тұрады. Тіпті мені де оқымайды. Сосын сен де оны оқымаймын. Жігіттің артынан жүгірмеймін. Сондықтан жоқ жерден жаңалық жасап керек емес. Біздің ажырасуды армандап жүргендерге айтарымыз, біреуге бақытсыздық тілегенше, өзіңдеріңізге бақыт тілеңіздер”, – деп жазды Ерке Есмахан.