Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Артымнан аңдып жүреді, түнімен тереземнің алдында таң атырады": Әсел Асқар бұрынғы күйеуі жайлы айтты

Әсел Асқар бұрынғы күйеуімен ара қатынасының қиын жағдайда өтіп жатқанын айтады. Сағаттап күтіп, кешірім сұрағанымен актриса сенімсіздіктің басым екенін жеткізді. Ал жолдасы екі жарым айдан бері қайта қосылуға тырысып жүр. 

“Бірден қолдауға зәру екенімді айта кетейін. Менің жағдайымды түсінсе екен деймін. Мен сіздермен үнемі ашық болдым. Менде не болып жатқанын ашық айтуға тырысамын. Мен қазір өте қиын жағдайдамын. Өздігімнен шешім шығару қиын. Бұның немен байланысты екенін білмеймін. 

Ал қайта қосылу туралы бірнеше айдан бері айтып келеді. Бірнеше сағаттап сөйлестік. Қанша көз жас төгілді. Бір-бірімізді айыптадық. Жек көрдік. Айқайластық. 

Уақыт бәріне басқаша қарауға үйретеді. 5-6 сағатта ойың да өзгереді. Бәріне сенімсіздік себепші. Түркияда болғанда ол да келіп дәл сол қонақүйден бөлек нөмірге орналасты. Мені бақылап жүрді. Қызғаныштан шаян секілді қызарып жүрді. Кешкі ас кезінде біздің қасымызға келіп ас ішті. Ұлым оны қуана қарсы алғандықтан мен оған қарсы бола алмадым”, – деп жазды актриса. 

Әсел Асқар екі жарым айдан бері жолдасымен айырылысып кеткенін айтты. Алайда актриса жолдасын кешіруге, қайта қосылуға сенімсіздік жетпей жүргенін жеткізді. 

“Соңғы екі жарым айда ол жағдайды реттеуге тырысып келеді. Ашуланады, кетеді, қайта келеді, түнімен тереземнің алдында тұрады. Мен жұмсармайтынымды білгенде қайта ашуланады. Анасынан айырылғалы бері жүрегі ауырып жүргенін айтады. Дәл осы себепті мен оны тыңдап, диалогқа келіп жүрмін. 

Маған өте ауыр болды. Оны сіздерге көрсеткен жоқпын. Сіздердің араларыңыдағы ең байқағыштарыңыз мұны байқады. Мен өз денсаулығымды ойладым, жақындарымды қуанттым. Қайырымдылықпен айналыстым. Көп жұмыс істедім. Кешіріп, өз жолына жіберуді үйрендім. 

Бастапқыда бұл өмірге үйрену қиын болды. Өткенді ойлап, не күтіп жүргенімді өзім де білмедім. Мені хайп жасап жүр дегендерге айтарым. Отбасы бұл ойнайтын, хайп жасайтын нәрсе емес. Мен тек қайта сенуге қорқып жүрмін”, – деді ол. 

Желідегі оқырманы қайта қосылуға үгіттесе, енді бірі сенімсіз екенін айтып қарсы шықты. 

“Қайта қосылып көріңіз, кез келген адам қателеседі”, “Сіздердің қиналып жүргендеріңіз жақсы емес, жүректі ауыртпай қайта татуласыңыздаршы”, “Адамға екінші мүмкіндік беріп көру керек. Егер бұл жолы да қателессе, онда ойланасыз”, “Бір қателескен адам екінші рет те солай жасайды”, “Жалпы не себепті айырылысқандары түсініксіз”, – деп жазды олар. 

 


Талқылау