Арсен Акиев “кәрі қызға үйленді” деп сынағандарға өлеңмен жауап берді
Өзінен 6 жас үлкен Мерекеге үйленген Арсен бұл ісіне өкінбейді. Себебі өзі қалап қосылған жарына деген сезімі – шынайы, махаббаты – берік. Ал жұрт тарапынан айтылған сынға Арсеннің өз айтары бар. Жуырда отағасы атанған Арсен “кәрі қызға үйленді” деп сынағандарға өлеңмен жауап берді.
Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Отау құрып, үйлену – әр еркектің міндеті,
Үйленетін аяулым – жүрегімнің бір дерті.
Ал көбісі үлкен ғой деп түрлі сөзбен сынауда,
Бұл амалым бізге жеткен Пайғамбардың сүннеті.
Махаббат деген кемеміз түрлі мұздан тайыпты,
Ей толқындар, лас суыңмен ластамашы қайықты.
Кемедегі серігіммен не істесем де біргемін,
Ол алтын қыз бақыт таудың шыңына да лайықты.
Ол алтын қыз бақыт таудың шыңына да лайықты,
Шүкір деймін Аллаға, маған берген зайыпты.
Басқаларға үйленсе тілектерін айтатын,
Адамдарым қазіргі боқтық сөзге байыпты.
Instagram-да пікірлердің көпшілігі бізге қас,
Жүректері тап-таза жандарымның аузы лас.
Жасы келген кәрі қызды не істейсің деп жазған жан,
Бұл ерке қыз саған кәрі болғанымен, маған жас”, – деді Арсен.
Айта кетейік, екі бірдей КВН-ші Мереке мен Арсеннің тойы жұрттың қызу талқысына түскен еді. Себебі “Тек қана қыздар” командасында өнер көрсететін Мерекенің жасы 27-де. Ол жары Арсеннен 6 жасқа үлкен.
Тағы оқыңыз:
Жайдарманшы Мереке: Арсен екеумізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін
Шапалақпен тартып жіберемін: Арман Дүйсенов бала тәрбиесі жөнінде ағынан жарылды
Оразаға арнап бейнебаян түсірген отандық жұлдыздар қазақстандықтарды сүйсіндірді (видео)
Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)