Қарағанды облысында шахтада төтенше жағдай болып, төрт адам қаза тапты
Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде кенеттен газ шығып, нәтижесінде 4 қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Иә, қолда бар алдын ала ақпарат бойынша, 3 қарашада Шахтинск қаласында түнгі сағат 3-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтасында газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ кенеттен бөлінген. Нәтижесінде 4 қызметкер қаза тапты. Тағы бір қызметкерді іздеу жалғасуда, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды"- деді Иманқұлов.
Сондай-ақ, алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі