Арнайы әлеуметтік төлем: Ай сайын 208 мың теңгені кімдер ала алады
1 қаңтардан бастап енгізілген арнайы әлеуметтік төлемге 11 мыңнан аса қазақстандық өтініш білдірген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлікке шыққанға дейін төленетін жинақтарды кім алуға құқылы және оны қалай алуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан бері барлығы 11 816 адам арнайы әлеуметтік төлемге өтініш білдірген. Төлем ұзақ уақыт бойы зиян еңбек жағдайында жұмыс істеген адамдарға арналған. Аталған төлем экономиканың 17 саласында, яғни тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін қызметкерлерге тағайындалады.
"Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт саналады. Төлем зейнет жасына дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін зиян еңбек жағдайлары бар жұмыс істеген болуы керек. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады. Мұндай жағдайда олар жалақы мен арнайы төлем алады. Егер демалысқа шықса, зейнетке дейін арнаулы әлеуметтік төлем төленеді", – делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған шарттарды ескере отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәліметі бойынша 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмысшы төлем алуға өтініш бере алады. Орташа төлем 208 мың теңгеден асады. Ал соңғы сома зейнетақы жинақтарына байланысты есептеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов 55 жасқа толған жұмысшылардың төлемақы ала алатынын хабарлаған еді.