"Сөз жүзінде қалмаса болды": Шетел нөмірлі көлік иелері Нұрлан Нығматуллинге жарыса үндеу жариялауда
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі армян көліктерін тізгіндеген жүргізушілер Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге жарыса үндеу жариялап жатыр. Олар соңғы бір айдың ішінде ресми билікте Нұрлан Нығматуллиннен басқа ешкім шет елдік көліктерді тіркеуге қатысты әбден ушыққан мәселені көтермеді дейді. Енді шетелдік көлік иелері мәжіліс төрағасынан айтқан сөзін іспен дәлелдеп, мыңдаған жүргізушіні алаңдатқан сауалды аяғына дейін шешіп берсін деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
"Түстен кейін естері кіріп жатады, сол қылықтары үшін қарапайым халық - заңға бағынып жүргендер жапа шегеді. Дер кезінде ЕО-ға мүше елдермен келісім жасалмаған. Барлығы да біздің лауазымды тұлғалардың өз ісіне жауаптылықпен қарамауына келіп тіреледі", - деді Нұрлан Нығматулин.
Оның айтқан бұл сөзі шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерін бір серпілтіпті. Енді олар бірінен кейін бірі жарыса үндеу жариялап, шенеуніктен ушыққан мәселені халықтың жағына шығып шығып шешіп беруін сұрап жатыр.
"Құрметті Нұрлан Нығматулин мырза! Сіздің айтқан сөзіңізге халық риза! Шындық бар. Билік бізді естіді деген үміттеміз. Бірақ ол тек сөз болып қалмаса екен", - шетел нөмірлі ақтөбелік көлік жүргізушілерінің бірі Дастан Құлданов.
Семейде де 50-ге жуық шетелдік автокөлік иелері жиналып мәжіліс төрағасына үндеу жолдады. Онда президентке жалған ақпарат беріп, шенеуніктер саудаласқанға кіріскені, айлықтардың көлемі туралы ақпарат статистикамен мүлдем сәйкес келмейтіні де айтылыпты.
Қазір елімізде Армения, Қырғызстан және Беларусь елдерінен әкелген 170 мыңнан аса көлік бар. Соның 16 мыңы Ақтөбе облысына тиесілі. Алайда демалыссыз жұмыс жасаймыз деген мамандар осы күнге дейін аймақта бірде-бір армениялық көліктің уақытша тіркеуде тұрмағанын айтады.
"Осы жыл басталғалы 200-ден азамат келіп кеңес алды. Бірақ олардың ешқайсы әлі көліктерін әкеп, тіркеуге тұрған жоқ", - деді азаматтарға арналған ҮМК Ақтөбе облысындағы филиалының баспасөз хатшысы Әсел Мұстафина.
Ал ІІМ бұл көліктер кедендік баж салығы, утилизациялық алым сияқты баршаға ортақ міндетті төлемдерді төлеу керектігін ескерткен. Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш рәсімдерді аяғына дейін жеткізуге бір ай ішінде уақытша тіркеуге рұқсат беретін жарлық шығарған еді.