Армения премьер-министрі Пашинян Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Армения премьер-министрі Никол Пашинянды Астанаға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20-21 қараша күндері Армения премьер-министрі Никол Пашинян Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен келеді.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Тоқаев 2025 жылдың тамызында Армения премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесіп, Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзірбайжан арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтаған еді.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрінің жыл соңына жоспарланған ресми сапарына Астана әзірлік жұмыстарын бастап кеткенін мәлімдеді. Қазақстан келіссөздерге өз алаңын ұсына отырып, Армения мен Әзірбайжан арасындағы саяси диалогқа одан әрі септігін тигізуге ниетті”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан азаматтарының енді Арменияға жеке куәлігімен ғана бара алатыны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді