Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астанаға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Армения премьер-министрін Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды.
Сапар аясында 21 қараша күні бірқатар кездесу жоспарланған.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады деп жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан азаматтарының енді Арменияға жеке куәлігімен ғана бара алатыны туралы жазған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"