Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Армения ҰҚШҰ-ға қарамастан НАТО-мен ынтымақтастығын нығайтуда

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еревандағы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз мәслихатында НАТО-мен ынтымақтастықтың жаңа форматын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министр "Жеке бейімделген Армения-НАТО серіктестік жоспары" бойынша жұмыс туралы баяндап, оның тезірек бекітілетініне үмітті екенін мәлімдеді. Ол Арменияның НАТО-мен, жекелеген мүше елдермен де, жалпы альянспен де әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

“Армения-НАТО ынтымақтастығының жаңа форматына жеке бейімделген серіктестік бағдарламасы жақын арада бекітіледі деген үміттенеміз. Біздің аймақта болып жатқан оқиғаларға байланысты Арменияның қорғаныс әлеуетін дамыту өте маңызды", - деді Пашинян.

Сондай-ақ ол НАТО-дан үлкен қолдау күтетінін жеткізді.

“Біз халықаралық қауымдастықтан, соның ішінде НАТО-дан белгілі және өзара келісілген принциптерге негізделген Армения мен Әзірбайжан арасындағы бітімгершілік үдерісі, сондай-ақ мәжбүрлеу мен қоқан-лоққы саясатын бірауыздан жоққа шығару үшін қолдау күтеміз”, – деді Армения премьер-министрі. 

Сонымен қатар ол Арменияның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бітімгершілік операцияларына қосқан үлесін атап өтті. 

Бұған дейін Никол Пашинян ҰҚШҰ Арменияның жауапкершілік аймағын мойындамаса, ұйымнан шығатынын айтып, шарт қойған еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 20 Наурыз, 2024 11:48
Талқылау