Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арманды орындаған бір қоңырау: Қазақстандық ер адам "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан пәтер ұтып алды

сәтті жұлдыз жеңімпаз

Нұрбек есімді қазақстандық "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясынан пәтер ұтып алды. Жеңімпаз бастапқыда бұған сенбеген. Бірақ құжаттар рәсімделген соң мұның рас екеніне көзі жетіпті. 

Нұрбек жүк тасымалымен айналысады. Ол бұған дейін де лотереяға қатысып келген. Ал пәтер – оның алғашқы үлкен ұтысы.

"Ұтысты естіген кезде жолда, яғни Ақтөбеде жүрген едім. Сол кезде телефоннан қоңырау түсті. Бірінші рет қоңырау шалғанда сенбей, түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Әрі қарай Шымкентке жүруім керек еді. Қазір жүк көлігін айдап, заттарды тасымалдаумен айналысамын. Хабарласқаннан кейін бірден өтірік пе, шын ба деп келдім. Барсам, бәрі шынайы екен", – деді Нұрбек.

Нұрбек құжаттарды толтыру кезінде қатты қобалжығанын айтты. Үлкен сыйлыққа ие болса да, өзі бұған бірден сене алмаған. Оның айтуынша, бұл күйге бір жағынан дұрыс ұйықтамағаны әсер етсе, екінші жағынан қуанышын сыртқа білдірмеуге тырысқан. 

"Жақындарымнан ешкімге айтқан жоқпын. Бұған дейін кішігірім ұтыстарға да қатысып жүрдім. Бұрын компания тек мамырда ғана ұтыстар береді деп ойлап келдім. Сол кезде осы жұрт 10 миллиондап, 20 миллиондап қалай ұтады деп ойлайтын едім. "Өмірімде бір рет қатысып, мен де көрейін!" деп шештім. Қалай болар екен деп өзіме сұрақ та қойдым. Арманым міне, шындыққа айналды", – дейді қуанышын жасыра алмаған Нұрбек.

Нұрбек отбасылы және үш баласы бар екенін айтты. Бүгінге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келіпті.

"Пәтер алу, өз шаңырағымыздың болуы арман еді. Қазір енді құжаттарды рәсімдеген соң 100% сендім. Әйелім тек Алматыда екенімді біледі, бірақ ұтысқа келгенімді білмейді. Енді ұтысымды алып, пәтердің алдын ала жарнасы ретінде құямын деп жоспарлап отырмын. Одан қалды тағы майда-шүйде қарыздарым бар. Соларды да жабу ойым бар. Бірақ негізгі ой сол пәтерге жұмсау болып тұр", – деді Нұрбек.

Нұрбек ұтып алған пәтердің құны – 20 миллион теңге. Ер адамның айтуынша, жұбайы да бастапқыда бұл ұтысқа сенер-сенбесін білмеген. Кейін жолдасын құттықтап, бұл қуаныш олардың отбасы үшін үлкен арманның орындалуы екенін айтқан.

"Мұндай сыйлықты ұтып алу қаншалықты шынайы екені маған әрдайым қызық еді. Енді бәрінің әділ әрі ашық екеніне көзімді жеткіздім", – дейді Нұрбек.

Айта кетейік, "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы "Кроссовер" лотожиынтығын алғандардың арасында көлік ұтысын өткізеді. Жинақ LOTO 6/49-дың 6 билетінен құралған. Тираж 13 сәуірде тікелей эфирде болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 19:00