Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Жаналиев жұбайына қымбат көлік сыйлады

Арман Жаналиев әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйладыФото: Видеодан скриншот

Танымал “Әзіл әлемі” театрының актері Арман Жаналиев келіншегіне қымбат көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты сәттің видеосын жариялады. 

“Аллаға шүкір +1 гараж. Барша отбасыға жұғысты болсын”, – деп жазды ол.

Бір қызығы – актер жазбасында әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйлауын өзінің испаниялық әйгілі “Реал Мадрид” футбол клубының жаркүйері болуымен байланыстырған.

“Қазақстанда жалғыз, ресми әрі заңды Real фан болғаныма, клубтан ай сайын айлық алып, Гохаға көлік алып бердім. Енді бұйырса, жақын арада, маған да алып береміз деп жатыр”, – деп қалжыңдады ол.


"Отбасымды құпия ұстау – менің табиғатыма жат": Арман Жаналиев отбасылық театры мен шығармашылық жаңалықтарын бөлісті


Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік мінгізгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2026 16:21