Арман мен Ашаның екінші сәби сүйетіндері рас па?
Шоу-бизнестегі ең әдемі жұп саналатын Арман мен Аша бір баламен тоқталып қалғысы келмейді. Жұлдызды жұп бірнеше баланың ата-анасы болуды армандайды. Ал Арман әрбір ер азамат секілді атұстарының болғанын қалайды.
Аша күйеуі Арманның киімді ерекше талғаммен таңдайтынын айтып берді. Ол болашақта ұлды болса, оның әкесіне ұқсайтынына сенімді.
Бұл туралы Аша 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына айтты, деп жазады Stan.kz.
“Біз бір-бірімізге кеңес береміз. Арман киімді өзі таңдайды. Бірақ мен барлығын әдемілеп, үтіктеп, жуып қоямын. Ол менің тікелей міндетім. Арманның өзінің стилі өте жақсы, керемет. Менікі де жаман емес сияқты. Жалпы ұлымыз болса, әкесі сияқты сәнқой болатыны сөзсіз.
Арман екеуміз жігіт пен қыз болып кездесіп жүрген кезде, бір түсті киім жиі киіп қалатынбыз. Оны алдын ала келісіп алмаймыз, бірақ сәйкестік көп болды. Болашақта ерлі-зайыпты болатынымыз сол кезде білінді ғой деймін”, – дейді Аша.
Ал Арманның өзі болса гардеробында киімнің көп еместігін айтады.
“Мысалы, мен ертең бір жаққа баратын болсам, не киетінім ойымда тұрады. Мүмкін жігіттің киімі көп болмағандықтан шығар, Ашаның киімі көп. Содан кейін күн басталады, баратын жерімізге 1-2 сағат қалғанда Аша әлі білмей жүреді не киетінін. Оны күтуге тура келеді”, – дейді Арман.
Жіберіп алмаңыз:
Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті
Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды
Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты
Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті