Арман мен Аша қыздары Асылымның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)
Арман мен Ашаның отбасында алғашқы қуаныш, дүбірлі той! Шоу-бизнестегі ең әдемі жұп қыздары Асылымның 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасап, бүлдіршіннің тұсауын кестірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Асылым Арманқызының тұсаукесер тойы ерекше өтті. Себебі оны ортаға алып шығу үш бірдей өнер иесіне бұйырды. Нақтырақ айтатын болсақ, әсем әнімен Жазира Байырбекова бүлдіршіннің бір қолынан ұстаса, екінші қолынан 5 баланың анасы Қарақат Әбілдина жетектеп шықты. Ал негізгі міндет, яғни Асылымның тұсауын кесу міндеті әнші Сәкен Майғазиевке жүктелді.
Той тізгінін танымал композитор, әнші әрі асаба Арман Дүйсенов ұстады.
Бұдан бөлек, тойға Ашаның нағашы әпкесі Баян Мақсатқызы сүйіктісімен бірге келді.
Мәдина Сәдуақасова, Қыдырәлі мен Қарақат, Зарина Омарова және т.б. көптеген танымал әншілер той төрінен орын алған қадірлі қонақтар қатарында болды.
Айта кетейік, бұл күні жұрт Асылым Арманқызын алғаш рет көрді. Себебі тіл-көзден қорыққан жұлдызды жұп 1 жасқа толғанға дейін сәбилерін ел көзінен тасада ұстады.
Жіберіп алмаңыз:
Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)
Төреғали Төреәлі Геннадий Головкинмен түскен суретін көрсетті
Шынайылығың үшін: Луина дастархан шотын төлемей кеткен жас жігітке сыйлық жасады
Қайрат пен Жұлдыздың тойынан: Әншінің анасы тәтті естеліктерімен бөлісті (фото)