Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Қоңырбаев: Ашаның арқасында дүйім жұртқа танылдым (фото)

Алғашқыда шағын аудиторияда ән салып жүрген Арманның Ашамен шаңырақ көтергелі өмірі күрт өзгерген. Көгілдір экран, түрлі сұхбат, сэлфи және қолтаңба! Бұл кезіндегі  «Mysterions» тобындағы қарапайым жігіттің бүгінгі жай-күйі, деп жазады Арманмен тілдескен Stan.kz тілшісі.

мистер аша

«Мен бұрын байқайтынмын. Қаладағы сауда орталықтарында немесе топтан бөлек көшеде жүрсек ешкім бізді танымайтын Ал, қазір болса әрине Ашамен қосылғалы танымалдылығым күн санап арта түсуде. Мені барлығы таниды деп 100 пайызға айта аламын», – деп ашығын айтқан Арман дәл қазіргі таңда көшеде емін-еркін жүріп-тұрудың өзі қиынға түскенін жасырмайды.

аша арман31082017

Тіпті, Арман танымалдылықты тарту еткен жұбайын әрдайым бірге алып жүруді әдетке айналдырған. Иә, бұл да бір тыңдармандарды жинаудың тың тәсілі болса керек. Мәселен, жақын күндері жоспарланып отырған «Mysterions» тобының турнесіне Аша Матайды да концерттік бағдарламаға қосқанын айтады.

арман аша3108

«Дәл қазіргі таңда концерттік турға дайындалып жатырмыз. Бұл турненің құрамында  «Mysterions» тобы, Аша Матай және «Арман мен Аша» деген дуэт бар. Оңтүстік Қазақстан облысы, яғни Шымкент шаhары және аталмыш аймақтағы барлық елді мекендерді аралауды бастаймыз» – дейді Арман.

мистерионс

Бір қызығы осыдан 8 жыл бұрын құрылған бойзбенд Алматыда ән кешін өткізбеген. Репертуар толық болғанымен, тыңдарман жинау қиындық туғызып жүрсе керек.

«Алматыда ауқымды концерт өткізуге кішкене батылымыз жетпей жүр. Өнерімізге жүз пайыз сенімді емеспіз бе, сондай бір ой мазалайды. Халық жиналмай қояды ма деген қорқыныш бар. Өйткені, біздің енді тыңдармандар көбінесе жастар ғой. Ал, жастардың билет алуға қалтасында қаржысы бар ма, жоқ па ол да бір мәселе» – дейді Арман.

армананан аша

Алайда, өздеріне сенімсіздік танытқан серілер алып шаһардағы шоуда Аша Матайдың да өнер көрсететін айтып қалды.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Бауыржан Есебаев өз қарамағынан кеткен Жігердің қазіргі жағдайын сынап тастады

Қайрат Нұртастың келіншегі отбасындағы тойда ерекше көзге түсті (фото)

Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)

Айдарбековтер отбасы ұлдарының үйлену тойын Алматының төрінде тойлады (фото,видео)

Талқылау