Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Арыз жазуға полиция мәжбүрлеген”: Құқық қорқау органдары алматылық белсендіге қатысты зорлау ісін қолдан ұйымдастырған деп айыпталуда

Алматыда заңсыз құрылысқа шыққан белсенді Асқар Жұмағали үстінен қозғалған зорлау ісін құқық қорғау органдары қолдан ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Белсендіге қатысты зорлау әрекеті бойынша іс қозғалған. Белсендінің әйелінің сөзінше бұл істі құқық қорғау органдары арнайы ұйымдастырып, күйеуіне жала жауып отыр.

Алматыдағы заңсыз құрылысқа қарсы шыққан белсенді Асқар Жұмағалидың жұбайы Нұрилә Төлепбек күйеуіне қарсы қозғалған зорлау ісін құқық қорғау органдары қолдан ұйымдастырғанын мәлімдеді.

"Менің күйеуім Асқар Болатұлы Жұмағалиға қатысты зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл істі жабу үшін бізден 100 мың доллар талап етті. Егер төлемесек, күйеуім 10 жылға сотталатынын айтып қорқытты. Бізге арыз жазған қыздың өзі және оның әпкесі хабарласып, арызды қысыммен жазғанын айтып, бұл іске араласқанын мойындады. Барлық дәлелдерге қарамастан, мен әділдікке қол жеткізе алмай отырмын. Президентіміз айтқан "Жаңа Қазақстан" қайда сонда?" – дейді келіншек Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінде.

Оның айтуынша, бұл іске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жоғары лауазымды қызметкері қатысқан.


"Мыңдаған адам баспанасыз қалуы мүмкін": Қоғам белсендісі Алматыда құзырлы органдардың хостелдерге қысым көрсетіп жатқанын айтты


"Антикоррупциялық қызмет бір апта бойы біздің үйде Наурызбай аудандық ҰҚК басшысы Саин Асқарға қатысты операция жүргізді, ол бізден істі жабу үшін ақша талап етті, және ұсталды. Бұл адам – Саин Асқарды ұстады, оған күйеуімнің ағасы арқылы ақша берілді, сонымен қатар күйеуімнің ағасы да ұсталды, бірақ кейін Саин Асқарды босатты. Сонда, сыбайлас жемқорлықпен айналысуға болады, заңсыз ақша талап етуге болады, ал менің күйеуім Жұмағали Асқар Болатұлы әділетсіз айыпталып, түрмеде отыруы керек пе?" – деп ашуланды қоғам белсендісінің әйелі.

Ал зорландым деп арыз жазған қыз, өзін арыз жазуға полицияның мәжбүрлегенін айтты.

"20 жастағы қыз бұл іске келісім берді, себебі оны қорқытып, арыз жазбасаң, сені де жауапқа тартамыз деген. Қыз қорыққаннан келіскен. Сондықтан мен бұл істі қатаң бақылауға алуды талап етемін. Президенттің "Жаңа Қазақстан" туралы мәлімдемесіне қарамастан, елімізде әлі де сыбайлас жемқорлық пен жалған қылмыстық істер ұйымдастырылуда. Сонда, Алматыда заңсыз тұрғын үйлер салуға болады, ал жеті баланың әкесі – менің күйеуім әділетсіз сотталуы керек пе?" – деп сұрады әйел.

Ол күйеуі Алматыдағы заңсыз құрылысқа қарсы шыққаны үшін осындай жала жабылып отырғанын айтты.

"Бұл істің қозғалуының бірден-бір себебі – Алматыдағы "Жайсан" тұрғын үй кешенінің заңсыз құрылысы. "Жайсан" тұрғын үй кешенінің басшысы Еркебұлан прокурорлармен таныс болғандықтан, күйеуіме қарсы қолдан жасалған істі қозғаған" – деп қынжылды әйел.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың бұл тұрғын үй кешенін сүру қажеттігін ашық айтқанын еске салды.

"Досаевтың бұл тұрғын үйді сүру керек деген бейнежазбасы бар. Күйеуім әкімге төрт рет барып, заңды негізде талаптарын айтты. Енді олар күйеуімді қамауға алып, құрылыс жұмыстарын жалғастыруды жөн көрген, себебі олар бұл кешенді салмаса миллиардтаған шығынға ұшырайды", – деді Төлепбек Тоқаевқа үндеуінде.

Арыз жазған қыз Диана Тоқтасунованың бейнежазбасы бар, онда ол Асқар Жұмағалимен таныс емес екенін, оның үстінен арыз жазуға полиция қызметкерлері мәжбүрлегенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы кардиологиялық орталықтың қызметкерлері басшылықтың қысымынан жаппай жұмыстан кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау