Арыстан торына кірген 19 жастағы жігітті талап өлтірді (видео)

Бразилияның Жуан-Песоа қаласындағы хайуанттар бағында арыстан өзінің торына кіріп кеткен жас жігітті талап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі G1 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 19 жастағы жігіт алты метрден жоғары қабырғаны асып өтіп, ағашты пайдаланып жыртқыштың торына кірген. Арыстан жігіт отырған ағашқа жақындап, жігіттің жерге түскенін күтіп отырған. Марқұмның психикалық ауықулары болуы мүмкін деп болжам бар.
Торға құлап кеткен зоопарк қызметкері арыстанға жем болды
Оқиға хайуанаттар бағы жұмыс істеп тұрған уақытта, аумақта басқа келушілер де болған кезде болды. Шабуылдан кейін мекеме әкімшілігі бақты келушілерге жабуға мәжбүр болды. Қазір болған жағдайға қатысты ресми тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Таиландта арыстандар Бангкоктағы Safari World хайуанаттар бағына келушіні талап тастағаны туралы жазған едік.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"