Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Арыста зардап шеккен балалар сауықтыру лагерьлерімен қамтамасыз етіледі

Алматы облысының әкімдігі Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстардан зардап шеккен балаларды сауықтыру лагерьлерімен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арыс

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. 

«Арыстың 150 баласын Алматы облысының жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтамасыз етеміз», - деп жазды Жүкел Facebook желісінде. 

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр