Әріптес әйелді зорлап, өлтіріп кеткен: Үндістанда дәрігерлер ереуілге шығып, науқастарды емдеуден бас тартты
Үндістанның түкпір-түкпірінде емделушілер ауруханалар мен емханалардан қайтарылып жатыр, өйткені миллиондаған дәрігерлер әріптесінің зорланып, өлтірілгеніне наразылық білдіріп, ереуілге шығып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанның медициналық ассоциациясы (IMA) 24 сағаттық ереуіл 17 тамыз таңғы сағат 6-да басталғанын айтады. Мамандар жұмысын тоқтатып, науқастарды қабылдаудан бас тартты.
Жаппай ереуілдің салдарынан аурухананың жұмысы тоқтады. Содан соң медициналық колледждердің қызметкерлері көмекке шақырылды.
Әйелдерге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық – Үндістанда кең таралған мәселе. Полицияға деген сенімсіздік пен әйелдерді кінәлаудың кесірінен көптеген қылмыстар ашылмай қалады деген пікір бар.
9 тамызда Калькуттадағы колледжде жұмыс істеген 31 жастағы стажер-дәрігерді зорлап өлтіріп кеткен екен.
Полицейлердің бірі оны өлтірді деген күдікке ілінгенімен, жәбірленушінің отбасы мұны топтық зорлау деп есептейді.
Еске салсақ, бұған дейін дәрігер әйелдің өліміне қатысты Үндістанда он мыңдаған әйел шеруге шыққан еді.