Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды (видео)

Топты таратып, бүгінде жеке әншілік мансабын дамытып жүрген «Нұр-Мұқасан» дуэтінің әншілері тыңдармандарды таңырқатудан жалығар емес. Жуырда ғана Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Мұқасан Шахзадаев ұжымның экс-мүшесі Нұрлан Қонысбаевтың шығармашылығы мен арадағы қарым-қатынасы жайлы айтты.

«Шынымды айтсам ешқандай хабарым жоқ. Бірақ, жолдас жігіттерден естіп жатамын. Қасына бір баянда әлде аккордеонда ойнайтын бір азаматты алыпты. Мен ол жігітті мүлдем танымайды екенмін. Мен досыма тек қана амандық тілеймін, шығармашылық табыстар тілеймін. Халықтың қошеметіне бөленіп, жақсы жағынан көрініп жатса мен үшін ол қуаныш», – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Сонымен қатар, «Нұр-Мұқасан» дуэтінің әндерін орындауға тек Шахзадаевтың құқылы екенін де жасырмаған-ды!

«27 жыл бойы «Нұр-Мұқасанның» репертуарында қанша ән болатын болса, оның барлығын мен өзім алып келгенмін. Нұрлан екеуіміз орындағанмен… Сондықтан, «Нұр-Мұқасанның» әндері «Нұр-Мұқасанда» қалады», – дейді Мұқасан.

Бүгінде тек шығармашылыққа белсене кіріскен Шахзадаев 27 жыл бойы бірге ән салған досына деген құрметінің шексіз екенін айтады. Тіпті, Нұрланнан бөлек кетсе де, сахнаға «Нұр-Мұқасан» болып шығуды жөн деп шешкен.

«Мен қазіргі таңда «Нұр-Мұқасан» болып өзім қаламын. Себебі қанша дегенмен де «Нұр-Мұқасанның» 27 жылдық тарихы бар. Ол атауды ешқашан жерге тастауға болмайды. Мысалға, ай даладағы «Арлан», «Тарлан» деген топ болсақ онда бір бөлек. Ол жерде менің атым тұр Мұқасан деген. Сондықтан, «Нұр-Мұқасан» деп өзім ары қарай жалғастыруды шештім. Оған Нұрлан да қуанышты деп ойлаймын. Ол атты өшірмей жүргеніме», – дейді Шахзадаев.

 

Алайда, Шахзадаевтың инстаграм парақшасындағы соңғы посттарын көрген оқырманның санасы сан-саққа жүгірді. Өйткені, Нұрлан мен Мұқасан бірге суретке түсіп Алматыдан Ақтөбеге ұшып бара жатқандарын жариялаған. Ал, екі достың фотосын көргенде қарапайым халықпен қатар, отандық шоу-бизнес өкілдері де қуанышын жасыра алмапты. Мәселен, жағымды пікірлерді жарыса жазған жұлдыздардың қатарында Төреғали Төреәлі, Индира Расылхан және Ринат Баситов бар…

«Көз жетті міне аңсаған күнге, жасай бер, жаса Нұр-Мұқасаным менің», – деп Төреғали жазба қалдырған.

«Уууууффффф! Көзіміз бен көңіліміздің айызы қанды-ау сендерді бір көріп. Міне, енді жарасып тұрсыңдар. Бірліктерің ажырамасыншы», – дейді қуанышын жасыра алмаған Индира Расылхан.

«Оооо, ағаларым осы әдемі ғой. Күшті, өстіп жүріңдерші», – дейді Азия тобының әншісі Ринат Баситов.

Иә, желідегі оқырманның қуанышы орынды. Ақтөбе қаласына бірге барған «Нұр-Мұқасан» дуэті бір жарым жылдық үзілістен кейін, салтанатты кештердің бірінде қайтадан қосыла ән шырқаған. Ал, топ жігіттері татуласқанымен, ұжымның жұмысы жалғасар ма екен? Бұл сауалдың жауабын алдағы уақытта айтатын боламыз!

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.


Жіберіп алмаңыз:

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Талқылау