Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар
Алматы маңында ұшақ құлап, қаза тапқан дәрігер-акушер Талғат Патсаев жайлы әріптестері айтып берді.
В. И. Кулаков атындағы Ұлттық акушерлік іс, гинекология, перинатология орталығы кафедрасының меңгерушісі Лаура Қайыпованың айтуынша, ол жас босанып ауыр халде жатқан әйелді көптен бері бақылап жүрген, деп хабарлайды Today.kz.
“Барлық регалиясына қарамастан, әріптестеріне, жақындарына, отбасына өте мейірімді, елгезек адам болды. Шын мәнінде үлкен әріппен жазуға болатын әке, жар, дос. Акушерлік іс пен гинекология өте күрделі мамандық, бұл жерде ана мен баланың өмірі бар. Соған қарамастан, ол “жоқ” демейтін. Ол өте күрделі Оңтүстік Қазақстан облысының кураторы болды. Ол сондай-ақ Маңғыстау, Қызылорда, Алматы облыстарына барып жүрді. Оның көмегі өте үлкен болатын. Дәрігерлер оны кәсіби маман ретінде біледі”, – деді Қайыпова.
Кафедра меңгерушісінің сөзінше, қазақстандық дәрігерлер қаза тапқан Патсаевқа қарыздар.
“Бүкіл Қазақстан пайдаланып жүрген хаттамалар – сол кісінің еңбегі. Біз үшін бұл үлкен, орны толмас қайғы. Көптен бері бірге жұмыс істедік. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін. Өзі де медициналық отбасынан шыққан. Үлкенге, жұмысына, қоршаған ортаға деген құрметі ата-анасының тәрбиесі. Көмек көрсетуде алдына жан салмайтын”, – деді ол.
Қайыпова трагедия болған күн жайлы да айтты.
Маманның сөзінше, Патсаев ауыр халде жатқан әйелді көптен бері бақылаған.
“Бұл күнделікті жұмыс күні болатын, ол бөлім меңгерушісі. Бұл науқас жайлы көптен бері білеміз, кеңес те бердік. Халы нашарлай берген соң ұшуға тура келді. Бұл дүрмек емес, күнделікті жұмыс болатын. Біздің медицинамыздағы соңғы қайғы осы болса екен деп тілеймін”, – деп түйіндеді сөзін Қайыпова.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңында Ан-28 ұшағы құлап, бес адам қаза тапқан болатын.
Тағы да оқыңыз:
Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты
Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ
«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді