Аргентинада әлем чемпионаты жеңісінен кейін екі жанкүйер қаза тапты
Аргентина футбол командасының жанкүйері Катарда өткен әлем чемпионатында команданың жеңісін тойлау кезінде шатырдан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Буэнос-Айресте орын алды. Жексенбі күні елде әлем кубогының финалынан кейін жанкүйерлер жеңісті тойлады. 24 жастағы ер адам дүйсенбі күні таңертең адамдардың көпшілігі тарап кеткен кезде табылды. Ауруханаға жатқызылғанымен, бір күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Бұған дейін тағы бір аргентиналық жанкүйер команданың жеңісін тойлау кезінде асфикция, яғни тұншығып өлген. Мойнына байланған мемлекеттік ту мотоцикл дөңгелектеріне оралып қалған. Оқиға жексенбіде Аргентинаның Бахия Бланка қаласында болды. Марқұм 22 жаста еді.
Жексенбіде Аргентина құрамасы тарихта үшінші рет әлем чемпионатын жеңіп алды (1978, 1986, 2022). Аргентина билігі 20 желтоқсанды ұлттық демалыс деп жариялады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық