Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрбір бейсенбі күні әруақтар босағаға келіп құран дәметеді деген рас па?

Халық арасында бейсенбі күні өлген адамның рухы жер бетінде жүреді деген түсінік бар. Дін тұрғысында бұл дұрыс па? Бұл жайлы Арман Қуанышбаев жауап берді.

931412_1489047376

«Қазақта өлген адамның үшін, жиырмасын, жетісін, қырқын, елу екісін, жылын беріп жатады. Дінде бұл жоқ. Бұл халық арасында пайда болған жоралғы. Бұл жайлы Діни басқарма тарапынан да айтылып жатыр. Асты белгілі күнге қарамай кез келген күні берсеңіздер болады. Қарызданып, қауғаланбай ас беріңіздер. Әруақ атына құранды кез келген күні бағыштауға болады. Күндердің сұлтаны – жұма, одан кейін дүйсенбі, бейсенбі күндері қасиетті саналады.

Дүйсенбі, бейсенбі күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза тұтқын. Халық арасында бейсенбі күнді «Әруақтар күні» әлде, «Молдадар күні» деп шығарып алған. Бұл күні әруақтар босағаға келіп, құран дәметеді деген түсінік бар. Бұл халық арасында тараған жайт. Дінде мұндай жоқ. Бұл күні әруақтар елді аралап жүрмейді. Әруаққа құранды шамаңыз келген күні, кез келген күні бағыштауға болады», – дейді Арман Қуанышбаев.

Тағы да оқыңыз:

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)

Қажылықтан келген пірін ақ киізбен көтеріп, аяғын сүйгендер жұртты шошытты (видео)

Құрамында спирті бар дәрі-дәрмекті қолданудың шариғаттағы үкімі қандай?

Талқылау