Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған тыңдарманымен кездескен Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Жуырда шаңырақ көтеріп, отағасы атанған Ернар Айдар шығармашылыққа білек сыбана кірісіп кетті. Әнші өнерде жүргеніне 5 жыл толуына орай ел-елді аралап, концерт беруде, деп жазады Stan.kz.

21820502_1497033857262292_1059544204012683264_n

Күні кеше Ернар Айдар еліміздің батыс өңірінде ән кешін беріп, тыңдармандарын қуантты. Концерт басталмас бұрын ол арбаға таңылған тыңдарманымен кездесті. Бұл туралы Instagram желісінен белгілі болды.

Назерке есімді бойжеткен сүйікті әншісімен кездесуге құр алақан келмепті. Ернардың таңдаулы деген суреттерін арнайы ыдысқа салдырып, естелік ретінде өз есімін жазуды да ұмытпапты.

“Назерке қарындасым келіп сыйлық беріп қатты қуантты. Мені уайымдағанын айтып жылатты. Жаным сол мен де сені сыйлаймын, жақсы көрем, аман бол!” – деп тілегін білдірді Ернар.

Өз кезегінде желідегілер Ернардың қарапайымдылығына тәнті болды. Көпшілік “өзге әншілер де сізден үлгі алса” деп тілек білдірді.

“Алла разы болсын сізге”, “Молодец Ернар інім! Халық сені сүйеді! Себебі, сен өте қарапайым да ақкөңіл адамсың! Жасандылық жоқ бойыңда! Маска деген жаман нәрсе жоқ бетіңде! Шүкірлер! Аман жүріңіз! Мына қарындасың да өте қуанышты болып отыр екен! Тамаша! Алла Сыйлағай! Осы қәдір-қасиеттен таймаңыз”, “Өте әсерлі жағдай”, “Өмір жасың ұзақ болсын”, – деп ақ тілегін жолдады тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі биыл үйлену тойын жасайтынын мәлімдеді (видео)

Ақбота Керімбекованың жолдасы: Ұлдардың анасын қызғанып жүргенін түсінемін

Ақбота алғаш рет сүйіктісімен не себепті айырылсқаны жайлы айтты

Ақбота Керімбекова “күйеуін сатып алған” дегендерге жауап берді

Талқылау