Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде балалармен қоса сегіз адам сушиден уланып қалды

 

СушиФото: freepik.com

Ақтөбеде сушиге тапсырыс берген сегіз адам, оның ішінде екі бала уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, барлығы дене қызуының көтерілуі, құсу, диарея, іш ауруына шағымданған. Екі адамды жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.

"Қазіргі уақытта бұл науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдау жүргізілуде. Олардың барлығы үйіне жапон тағамдары – суши, роллдар алдырып жеген", – дейді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.

Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасына барлығы сегіз адам жүгінген. Олардың екеуі – бала. Тексеруден кейін екі ересек адам стационарда емделуден бас тартқан.

Айта кетсек, суши балаларға әсіресе 5 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды, себебі шикі балықтан инфекция қаупі бар және тұзды, ащы қоспалары асқазанды зақымдауы мүмкін. Балаларға тек пісірілген балықпен немесе көкөніспен дайындалған нұсқасы аз мөлшерде ғана жарайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында төрт адам донерден уланып қалғанын жазған едік. Олар Мағжан Жұмабаев ауданындағы аудан орталығында өткен "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде  ауыл стадионында сатылған донерден уланған.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 16:50
Талқылау