Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Арандатуға ермеңіздер”: Серік Сәпиевті соққыға жықты деп айыпталған Дәурен Есімханов мәлімдеме жасады

Серік Сапиевпен жанжалФото:@daurenesimkhanov

Бірнеше күн бұрын Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті соққыға жықты деп айыпталған оның орынбасары Дәурен Есімханов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Instagram парақшасында ол бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатқанын айтып, жұртшылықты арандатуға ермеуге шақырды.

 "Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда.
Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеулеріңізді сұраймын", –  деді Дәурен Есімханов.

Айта кетейік, Дәурен Есімханов самбодан әлем және Азия чемпионы.

Осы оқиғадан кейін Қарағанды облысының Полиция департаменті жанжал фактісін де растады. Ведомство мәліметінше, ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аталған даулы оқиғадан кейін Қарағанды облысының әкімдігі Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты түсініктеме берген еді.


“Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым” – Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады


Олимпиада чемпионы Серік Сапиевті орынбасары соққыға жыққан


Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін Дәурен Есімхановпен этикалық тәртіп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 16 шілдеде облыс әкімдігі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Бекимова оның қабылдауында болып, мемлекеттік қызметкерлерге арналған этикалық қағидаттар мен қызметтік этика стандарттарын сақтау мәселелері талқыланған.

 

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 12:42