75 жасқа толар еді: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовке арнап ас берді (фото, видео)
Халық әртісі Мақпал Жүнісова жақындарының басын қосып, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің аруағына арнап құран бағыштады. Биыл саясаткердің көз жұмғанына 14 жыл, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: instagram.com/zhunusova.makpal/?hl=ru
Мақпал Жүнісова жайған дастарханға ет-жақындары жиылып, марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Қонақтар түрлі қызықты оқиғасын бөлісіп, әлі күнге дейін сағынышын баса алмай жүргенін жеткізді.
Жиналған қауымның арасында Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева, Құрманай Бахтиярқызы, Жігер Ауыпбаев сынды танымалдар болды.
Неге екені белгісіз астың суреттері мен видеосын бөліскен әнші оларға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған.
Естеріңізге сала кетсек, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада бақилық болды. Бүгінде көзі тірі болса, 75 жасқа толар еді.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады