"Арамыз 18 жас": Шахизада төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты
Танымал әнші Шахизада “Қыздар-ай” бағдарламасында төртінші күйеуімен қалай танысқаны жайлы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама жүргізушісі Жанар Айжанова Шахизададан сұлулығы мен мінсіз мүсінінің құпиясын сұрады. Айжан Нұрмағамбетова өнер иесінің сымбаттылығының сыры жүрегінің бостығында екенін айтты.
“Басы бос болған соң бәріне уақыты жетеді. Өзін сүйеді”, – деген Айжан Нұрмағамбетоваға Шахизада енді жалғыз емес екенін жеткізді.
“Енді басым бос емес. Мен кішкентай кезімнен ізденіп қалған адаммын. Әпкелерім “қияли Шахизада келе жатыр” дейтін. Сол сияқты үнемі ізденіс, әдемілікке құлшыныс, жақсы нәрсе көру, дәмді тағам жеу, жақсы сөз айту менің қанымда бар. Жүрегім махаббатқа толы”, – дейді Шахизада.
“Бір біріңізді қалай таптыңыздар?” деген сауалға өнер иесі: “Ерболат көптен бері сахнада жүрген жақсы әнші. Әпке-бауырдан басталды. Сосын оның жүрегінің бір нәрсесі шым ете қалды. Не істеймін енді?”, – деп жауап берді.
Шахизаданың айтуынша, сүйіктісімен арасындағы жас айырмашылығы махаббатқа еш кедергі болмаған.
“Арамыз 18 жас. “Махаббат жасқа қарамайды”, “жүрекке әмір жүрмейді” деген сөз бекер айтылмаған. Жақсы көретін адамың болса, түсіністікпен қарау керек. Әрине, ішім жылайды, бірақ мен сыртқа көрсетпеймін. Мен тек ән арқылы жіберемін”, – дейді өнер жұлдызы.
Айта кетейік, бұған дейін отандық әнші Шахизаданың өнердегі әріптесі Ерболат Ержанбаевпен бас қосқанын жазған болатынбыз.