Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Араб азаматымен көңіл қосқан қазақ қызы туған балаларына жете алмай зар жылауда

Қазақ қызы Нұргүл Қуанышқызы жоғарғы оқу орнын бітірген соң Араб еліне аттанады. Жұмыс істеймін, ақша табамын, мансабымды көтеремін деп жат елге жол тартқан қазақ қызы ақырында алғашқы мақсатын ұмытып кеткен сыңайлы. Үйлі-баранды араб азаматымен көңіл қосып, одан екі бала тапқан Нұргүл бүгінде оларға жете алмай зар жылауда.

арабия парень

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

2009 жылы Дубай қаласында жұмыс істеп бастаған Нұргүл болашақ балаларының әкесімен танысты. Ұнатып қалған азаматының әйелі мен үш қызы бар болса да ол онымен бірге болудан еш арланбаған. Қымбат сыйлықтармен махаббатын барынша дәлелдеуге тырысқан араб жігіті ақырында қазақ қызын өз дегеніне көндіріп, бейресми түрде тоқалдыққа алады. Арабияда азамат заң бойынша өзге елдің азаматшасына үйлене алмайды. Соны сылтауратқан араб азаматы Нұргүлді өз қақпасына түсірген сыңайлы. Қазақтар секілді араб ұлты үшін де отбасында ер баланың орны маңызды. Үш қыздың әкесі Нұргүлмен тек балалы болу үшін көңіл жарастырған болып шықты.

ьдлоо

“Әйел бақыты” бағдарламасынан скриншот

«Жас болдым, оқу бітіргеннен кейін барған кездерім болатын. Жас болғандықтан шығар сезімге беріліп қалғаным, өте сымбатты дәулетті кісі еді. Әрі қарай мен қызды болдым. Сол жақта тұрып жаттық. Қыз бала туылғаннан кейін ол сол мемлекеттің азаматы болып қала берді. Ол кісі ұл баланы қалағандықтан, көп ұзамай тағы да жүкті болдым. Содан кейін оның маған деген қарым-қатынасы, көзқарасы өзгерді. Өзінің мақсатына жетті, ендігі жағдайда мен оған керек емес болып қалдым. Барлығы тек қана баланы туғызу үшін жасалғандай. Қол көтере бастады, дауыс көтеретін. Бірдеңе болса «кет, бірақ балаларды бермеймін» дейтін. Сол үйдің құлындай болдым. Араб еліндегі кісілер ішімдікке жоқ деп ойлайтынмын, олай болмай шықты. Ішіп келгеннен кейін қол көтеру тоқтатылмады. Соңғы жылдары шыдау мүмкін болмады. Әке-шешеме ондай жағдайды айтқан емеспін. Алыста болғаннан кейін ол кісілерді уайымға салғым келмеді. Алғашқыда әкем қарсы болды, шешем қолдады. Үйленгенге дейін әртүрлі сыйлықтар әперіп, күнделікті кешке бірге уақыт өткізетінбіз. Қонаққа бірге баратынбыз. Отбасылы екенін білдім. Араб елінен қашып шыққаныма бір жылдай болды», – дейді Нұргүл Қуанышқызы.

Бүгінде Нұргүлдің ұл-қызы – Араб елінің азаматы мен азаматшасы. Заң жүзінде Нұргүл оларды өзіне ала алмайды. Еліне оралғаннан кейін елшілікке жүгінгенімен, әзірге одан еш нәтиже шығар емес.

«Бірінші рет балаларыммен бірге қашамын деп ойладым. Бірақ олардың тәрбиешілері бар. Маған да үйден артық рет шығуға болмайтын. Өйткені үйдің қасында да кісілер қарап жүретін. Балаларды ұрлап алып шыға алмадым. Үйде өзім қамауда отырдым. Ол кісі жұмыспен басқа жаққа кеткен кезде соны пайдаланып өзімнің ақшамды алып өз еліме қайттым. Елшілікке бардым, ол жердегілер біледі. Араб елінен баланы алу қиын. Халықаралық дәрежеде шешілетін жағдай. Болашақта сенімім бар алып келе алатыныма. Қоғамдық қорлар бар көмектесуге арналған. Ол кісілермен қазір бірге жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті бармағын тістеп қалған қазақ қызы.

Әкесінің айтқанына қарсы шыққан Нұргүл бүгінде жасаған ісіне өкінеді. Жасы 30-дан асып, ақыл тоқтатқан шағында ол туған балаларына қалай жетерін білмейді.

«Жылдар өте келе дұрыс емес екенін түсініп жатырмын. Басқа елдің азаматына тұрмысқа шықпас едім уақыт артқа келсе. Әкемнің айтқан сөзін тыңдамастан кетіп едім. Қазақ қыздарына айтар едім, ондай жағдай болса бас тартқан дұрыс. Қымбат сыйлықтармен өз сезімдерін көрсеткендеріне алданып қалуға болмайды. Сондай ақылды ұстанса деймін», – деді Нұргүл.

Жіберіп алмаңыз: 

Түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты

Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)

Қазақ қызы мен қара нәсілді жігіттің үйлену тойы жұртты ашуландырды (видео)

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты (фото)

 

 

 

Талқылау