Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтірді": Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіске жетті

Фото: Жоғарғы сот

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының Қайрат Кемеловке қатысты ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірген ақпаратқа қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетсек, 2025 жылдың қаңтарында Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемелованы сотқа берген. Бишімбаевтың анасы Бекзатты шамамен бір миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деп айыптаса, ал оның жұбайын жала жапты деп кінәлаған.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 14 қаңтарда "Айран" YouTube арнасында тікелей эфир барысында Бишімбаевтардың туысы Кемелов талапкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқан.

Кемелов Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы өз ұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама деректерін қолдан жасауға көмектесуін бірнеше рет сұрағанын, сондай-ақ бұл әрекетке баратын сарапшыларға ірі көлемде сыйақы ұсынғанын мәлімдеген.

"Сол күні әңгіме болды, олар мені мәйітханаға барып, әріптесім – сот-медициналық сарапшылардан Қуандық Бишімбаевтың пайдасына қорытынды беруді сұрауға көндірмек болды. Иә, егер біреу көмектессе, олар сол адамға көп ақша беруге дайын еді", – деді жауапкер 14 қаңтар күні тікелей эфирде.

Сот Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекованың Қайрат Кемеловке қарсы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сай емес деп тану, оларды теріске шығару және моралдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырды.

Сот Кемеловты 14 қаңтарда таратқан мәліметтерін сол платформада – "Айран" YouTube арнасында – ресми түрде теріске шығаруға міндеттеді.

Сондай-ақ сот шешімімен жауапкер талапкерлерге моралдық шығын ретінде 200 мың теңге (әрқайсысына 100 мың теңгеден), сондай-ақ өкілдік шығындары мен мемлекеттік бажды төлеуге міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. Оны Бишімбаевтар отбасының адвокаты Ерлан Ғазымжанов түсіндіріп өтті:

"Сот тәжірибесінде моральдық залал үшін өтемақы мөлшері үнемі төмендетіліп беріледі. Талапкерлер шешімге риза, біз оны шағымданбаймыз. Бұл жерде ақша маңызды емес: маңыздысы — жалған ақпараттың сот арқылы шындыққа сәйкес еместігі ретінде танылғаны", – деді ол.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 16:37
Талқылау