Апельсин: пайдасы мен зияны
Stan.kz апельсиннің адам ағзасына пайдасы мен зияны туралы мәлімет ұсынады.
Апельсин – диаметрі 5-10 сантиметрлік дөңгелек пішінді цитрус жеміс. Оның қызғылт сары түсті қабығы мен етті мәйегі және сүйегі бар. Ал дәмі сұрыбына байланысты және тәттіден ащыға дейін өзгереді.
Сондай-ақ, тәтті және ащы апельсин болады. Ең көп таралған түрі тәтті апельсиндер. Олар тағам дайындауда, медицинада және косметологияда қолданылады. Ащы апельсиндер тәттілер мен ликерлерге дәм мен хош иіс береді.
Апельсинді жылдың кез-келген мерзімінде таба аламыз. Олар тасымалдауға шыдамды және ұзақ уақыт күтпеген жағдайда сақтала береді. Апельсиннің ең ірі жеткізушілері – Үндістан, Испания, Мексика, Бразилия, Қытай, Израиль және АҚШ.
Апельсиннің құрамы
100 грамм витаминдер:
C – 118%, B9 – 8%, B1 – 7%, B6 – 5%, A – 5%.
100 грамм минералды заттар:
Кальций – 7%, калий – 6%, темір – 4%, магний – 3%, мыс – 3%. Ал 100 грамм апельсинде – 54 ккал калория бар.
Апельсиннің пайдасы
Апельсинді бөлек және салаттардың құрамына қосып қолдануға болады. Оларды ет тағамдарына ерекше дәм беру үшін қосады. Сондай-ақ, апельсиннен шырындар мен мармелад және косметикалық маскалар жасайды.
Сүйектер мен буындар үшін
Апельсиннің құрамындағы кальций сүйек тінінің негізі болып табылады. Ал апельсинді үнемі тұтыну арқылы сүйектерді қатайтуға болады.
Сонымен бірге, апельсин ревматоидті артрит пен атеросклероздың дамуына жол бермейді.
Жүрек және қан тамырлары үшін
Апельсин холестерин деңгейін төмендетеді және қан тамырларында холестерин түйіншектерінің пайда болуына жол бермейді. С дәрумені еркін радикалдардың зақымдалуының алдын алады. Ол жүрек ұстамасынан қорғайды.
Апельсин мәйегіндегі флавоноидтер қандандыруды қалыпқа келтіре және қан кетудің алдын ала отырып, жүректің ишемиялық ауруының тәуекелін төмендетеді.
Бұдан басқа, апельсин жеу ағзадағы калий мен натрийдің балансын қалыпқа келтіреді, ал бұл баланс бұзылса жүрек ауруларына шалдығу қаупі бар.
Жүйке үшін
Апельсиндегі фолий қышқылы ересектер мен балаларда неврологиялық бұзылулардың пайда болуына жол бермейді. В9 дәрумені жадты, концентрация мен көңіл бөлуді дамытады.
Сондай-ақ, апельсиннің көмегімен көңіл-күйді жақсартуға болады. Флавоноидтер серотониннің, яғни бақыт гормонының өндірілуіне көмектеседі. Бұл өзіңізді көбірек сенімді сезінуге және стрессті жақсы өткеруге мүмкіндік береді.
Көз үшін
Апельсин жеу көзді макулярлы деградациядан, катарактілерден және көру қабілетінің бұзылуынан, оның ішінде жасқа байланысты көру қабілетінің нашарлауынан қорғайды. Мұнда А витамині көз қабығының саулылығын қолдап, көзге жарықтарды сіңіруге көмектеседі және көз мембранасын қорғайды.
Тыныс алу үшін
Апельсин С дәруменінің арқасында шырышты қабықтың зақымдалуымен бірге жүретін респираторлық аурулармен күреседі. Оның көмегімен қақырық шығару арқылы өкпені тазартуға болады. Бұдан бөлек, апельсин демікпе белгілерін азайтады. Олар демікпе ұстамасын қоздыратын жасушалардың сезімталдығын төмендетеді.
Асқазан мен ішек үшін
Апельсин мәйегіндегі талшық ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Цитрус жеміс ішектің тітіркену синдромымен күресіп, іш қату мен іш өтуді жояды.
Сонымен бірге, апельсин ас қорыту шырынын өндіруді ынталандыра және гастриттен арылта отырып, асқазанның қышқылдығын төмендетеді.
Бүйрек үшін
Апельсин бүйрекке тас жиналу қаупін азайтады.
Жыныс жүйесі үшін
Апельсиндегі антиоксиданттар мен С витамині ерлер ағзасының репродуктивті функциясын қалыпқа келтіре және көтере отырып, ұрықтың сапасын және шапшаңдығын жақсартады. Ал фолий қышқылы енуызды (еркектің жыныс жасушасы) баланың кеміс дамуына әкеліп соқтыратын генетикалық зақымданудан қорғайды.
Тері үшін
Апельсиндегі С дәрумені коллаген шығара отырып, терінің жағдайын жақсартады және әжімдерді азайтады. Сондай-ақ, бұл жеміс терідегі тігіс пен тыртықты қайтарып, бетте қалған безеудің орындары мен пигментті дақтарын азайтады.
Сонымен бірге, апельсин жеу және онымен негізделген косметикаларды шашқа қолдану шаштың түбін қатайтады және түсуін азайтады. Цитрус жемістер шашты сау, көлемді және әдемі ете отырып, бас терісіне қан ағынының түсуін ынталандырады.
Жалпы шашқа апельсиннің эфир майын жаққан пайдалы. Бұл маска шаштың түбін ылғалдандырады және нәр береді.
Иммунитет үшін
С дәрумені вируспен күресуге көмектеседі және суық тию мен ауамен жұғатын аурулардың қайталануын болдырмайды. Сондай-ақ, аскорбин қышқылы рак клеткаларының пайда болуына жол бермейді.
Апельсиннің зияны мен қарсы әсері
Кейде сатып алған апельсиніміз қышқыл болып шығады. Оларды не істеу керек?
Апельсин
– цитрус жемістерге аллергия болса;
– қандағы калийдің деңгейі жоғары болса;
– асқазан-ішек жолдарының ауруларына шалдықса қарсы әсер беруі мүмкін.
Егер апельсинді қалай тұтыну керектігі жөніндегі ұсыныстарды дұрыс ұстанатын болсаңыз, онда бұл жеміс шамадан тыс желінген кезде ғана ағзаға зиян болуы мүмкін.
Апельсиннің зияны мынадай белгілермен пайда болады:
- ұстама
- ішектің бұзылуы, іш өту, іштік кебуі және қыжыл
- құсу және жүректің айнуы
- бас ауруы және ұйқысыздық- салмақтың көбеюі
- бүйрекке тас жиналу
Апельсинді қалай таңдау керек
Апельсин жұлынып, жиналғаннан кейін піспейді, сондықтан тек піскен жемістерді таңдаңыз. Жеуге жарамды жемістің түсі міндетті түрде біркелкі болмайды. Оның қабығы жасыл немесе қоңыр да болуы мүмкін.
Бірақ, жұмсақ дақтар мен зеңнің белгілері бар апельсинді сатып алудан аулақ болыңыз. Апельсиннің иісіне қарап, оның балғындығын анықтау қиын, себебі бұл жемісте әрдайым цитрусті хош иіс болады.
Ал қабығы тегіс және өзінен де салмағы үлкен апельсиннің шырыны көп болады.
Апельсиннен қандай өнім дайындалады
– апельсин цукаты
– апельсин тосабы
Апельсинді қалай сақтау керек
Апельсинді бөлме температурасында сақтап, күн сәулесінен алыс ұстаңыз. Жемісті пакетке салмай, ауа тікелей тию үшін тоңазытқышта сақтауға болады. Екі жағдайда да апельсиндерді сақтау мерзімі 2 апта, себебі цитрус жеміс өзінің пайдалы қасиеттін осы уақытқа дейін сақтайды.
Ал апельсин шырынын мұз қатыратын пішінге құйып, мұздатқышта сақтауға болады. Бірақ, апельсин қабығының үгіндісін герметикалық шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтаңыз.
Апельсинді қалай аршу керек
Апельсинді тазаламас бұрын, кір мен бактериялар мәйекке түсіп кетпес үшін жақсылап жуып алыңыз. Апельсинді кесектерге бөліп және қабығын тазалап жеген ыңғайлы.
– Апельсиннің сабағы болған бөлігін кесіп тастаңыз.
– Оны жоғарыдан төменге қарай төртке бөліп, кесіңіз.
– Қабыршақты саусақтарыңызбен аршыңыз – бұл қабығы жұқа сұрыпты тазалағанға жақсы.
Апельсин шырынын дұрыс сығу тәсілі
Апельсин шырынын жасасағыңыз келсе, оны қыздырылған жемістерден сыққан жақсы. Ал, температура бөлме температурасынан кем болмауы керек. Содан кейін апельсинді екі бөлікке бөліп, шырынды қолыңызбен немесе шырын сыққышты пайдаланып сығыңыз. Бірақ, апельсин шырыны жемісіне қарағанда ағзаға аса пайдалы емес.