Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апаттан көз жұмған бағдарламашы жігіттің қабіріне iPhone-құлпытас қойылды

Алматыда жол апатынан қайтыс болған бағдарламашы жігіт Заңғар Орынбетовтің қабіріне iPhone бейнесіндегі құлпытас қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170117112647

Әлеуметтік желіде бұл жағдай сын да тудырған еді. Алайда жігіттің туыстары айтылған сынға орынды жауап берді.

20170117132210

Онда туыстары Заңғардың iOS-әзірлеушілердің бүкіләлемдік конференциясына қатысқан жалғыз қазақ азаматы екенін, оның осы салада әлемді таңдандырар біраз жобалары болғанын айтады.

23 жастағы жігіт 12 қыркүйек күні Приозерскте жол апатынан мерт болды.

20170117132217

“Заңғар IOs жүйесіне арнап мобильді қосымшалар жасайтын. Apple компаниясын жақсы көретін. Өз жұмысының көпшілігін де соған арнады. Жазда Apple компаниясының WWDC 2016 жазғы мектебіне жолдама алып, барып қайтқан. Соңғы жұмысы iPhone/iPad-қа арналған қазақша интеллектуалды пернетақта еді. Өмірден ең жақын адамың кеткенде оның оралмасын түйсінсең де, бұрынғыдай қуантқың келеді. Заңғардың басындағы құлпытасы – әкесі мен анасының соңғы “сыйлығы”, – деп жазды Заңғардың әпкесі Белла Орынбетова Фейсбук желісінде.

Талқылау