Аңызға айналған актер Джеки Чан Астанаға келді (фото)
Бүгін түнде әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан Астанаға ат басын бұрды.
Бұл туралы “Қазақстан” телерадио корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“Сонымен, әлемдік жұлдыз Джеки Чан Астанада! Ертең бізде басты шара – Қытай киносының Қазақстандағы фестивалі басталады! Шараны “Қазақстан” ұлттық арнасынан тікелей эфирде 15:40-та көре аласыздар!”, – деп жазды Ерлан Қарин.
“Ол 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады. Шара «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы”, – деп жазады “Қазақстан” ұлттық арнасының ресми сайты.
Айта кету керек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.
Оқи отырыңыз:
Талай жұлдыздың бағын жаққан атақты продюсер өз қыздарының әнші болуына қарсы шықты (видео)
Қарақат ұлдарының Құран сүрелерін жаттап алғанын айтып мақтанды
Бағлан Әбдірайымов вокзалда алма сатып, кәуәп пісірген күндерін еске алды